Мансап

QIC-те мансап құру QIC-пен бірге, Қазақстанмен бірге


QIC – бұл баламалы инвестициялар нарығының соңғы үрдістеріне сәйкес әлемдік стандарттар деңгейінде жұмыс істейтін тәжірибелі, өршіл және серпінді команда. Біз елдің және болашақ ұрпақтың өркендеуі үшін қолайлы жағдай жасауға мүдделіміз.

QIC қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуі және олардың кәсіби өсуі үшін жағдай жасайды.

Күнделікті өмір

Біз тәуелсіз ойлау мен бастаманы бағалаймыз және жаһандық және ел үшін маңызды жобаларды бірлесіп жүзеге асыру үшін қызметкерлердің кәсіби өсуіне ықпал етеміз.

Заманауи корпоративтік мәдениет

QIC-тің басым міндеттерінің бірі қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуі, олардың кәсіби өсуі, лайықты табыс табу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету және өндіріс мәдениетін дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.

QIC өз қызметі шеңберінде барлық жұмысшыларға жұмысқа орналасу, жалақы төлеу, бағалау, дамыту, оқуға қолжетімділікті қамтамасыз ету, компаниядан кету кезінде тең мүмкіндіктер беру қағидатын басшылыққа алады.


Әртүрлілік пен инклюзияға берілгендік

«QIC» АҚ-да біз қызметкерлердің дағдылары мен тәжірибесі жоғары бағаланатын оң және инклюзивті жұмыс ортасын қамтамасыз етуге тырысамыз. Қызметкерлер арасында әртүрлілік пен инклюзтілікті қолдау біздің компания табысының кілті деп санаймыз.

Айырмашылықтар мен әр түрлі көзқарастарды құптай отырып, біз компанияда неғұрлым бай кәсіби тәжірибе құрамыз және компанияның инновациялық идеялар мен тұжырымдамаларды әзірлеу, сондай-ақ барынша негізделген инвестициялық шешімдер қабылдау қабілетін жетілдіреміз.

Бос орындар

Жайғасымның мақсаты мен бағыты:

1) ІАҚ қызметіне басшылықты жүзеге асыру;

2) ІАҚ жұмысын ұйымдастыруды, сондай-ақ ІАҚ туралы Ережеге сәйкес ІАҚ-ға жүктелген міндеттер мен атқарымдарды орындауды қамтамасыз ету;

3) Ішкі аудит және/немесе ІАҚ қызметі мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды мерзімді талдау және жаңарту;

4) ІАҚ міндеттері мен атқарымдарының өзектілігін оның мақсаттарына қол жеткізу үшін мерзімді бағалауды жүзеге асыру;

5) ІАҚ қызметіне тән тәуекелдерді бағалау және оларды басқару;

6) ІАҚ қызметінде Қоғамның Директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудиттің бірыңғай базалық қағидаттары мен рәсімдерін қолдануды қамтамасыз ету;

7) ІАКПХН сақталуын қамтамасыз ету;

8) ІАҚ жұмысында құпиялылықтың тиісті деңгейін қамтамасыз ету;

9) ішкі аудитті жүргізудің белгіленген тәртібіне сәйкес ІАҚ қызметін жоспарлау және ІАҚ жылдық аудиторлық жоспарының орындалуын бақылау;

10) ішкі аудитті жүргізудің белгіленген тәртібіне және ІАҚ туралы Ережеге сәйкес Қоғамның және оның еншілес ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінің және/немесе бизнес-процестерінің жоспарлы және жоспардан тыс ішкі аудитін ұйымдастыру, оған қатысу және жүзеге асырылуын бақылау;

11) ІАҚ жұмыс көлемін айқындау;

12) аудиторлық тапсырмаларды әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету;

13) аудиторлық анықтауларды тиісінше құжаттау, тексеру нәтижелері бойынша қорытындыларды ресімдеу, тексеру барысында анықталған барлық елеулі фактілер мен кемшіліктерді көрсету, негізделген ұсынымдарды әзірлеу;

14) Қоғам қызметінің барлық аспектілері бойынша ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;

15) аудиторлық тапсырмаларды ұйымдастыруға, өткізуге және нәтижелеріне байланысты мәселелер бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басшылығымен және атқарушы органымен өзара іс-қимыл жасау;

16) Қоғамның қаржылық есептілігінің аудиті бойынша сыртқы аудиторлардың есептерінің жобаларын қарауға қатысу;

17) Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлері ішкі және сыртқы аудиттің, сондай-ақ өзге де қадағалау органдары тарапынан тексерулердің нәтижелері бойынша ұсынымдарды, талаптарды орындау мақсатында Қоғам жоспарлайтын және/немесе жүзеге асыратын іс-шаралардың мониторингі;

18) Комитетке, Қоғамның Директорлар кеңесіне есептер мен өзге де ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету;

19) ІАБҚ-ның кәсіби біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау;

20) ІАҚ қызметінің тиімділігіне ішкі және сыртқы бағалау жүргізуді қамтамасыз ету;

21) Комитеттің, Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелерімен, сыртқы аудиторлармен консультацияларға, талқылауларға, сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесінің және/немесе ІАҚ құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі Комитеттің отырысын шақыруға бастамашылық жасау;

22) Комитетке, Қоғамның Директорлар кеңесіне ІАҚ-тың сандық құрамын, ІАБҚ өкілеттік мерзімін айқындау, сондай-ақ оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, ІАҚ жұмысының шарттары мен тәртібі, еңбекақы төлеу, ІАБҚ сыйлықақысы мен өтемақы төлемдерінің мөлшері мен шарттары, ІАҚ ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізу;

23) ішкі аудит, сондай-ақ ұсынылған кеңестік қызметтер негізінде қабылданған басқарушылық шешімдер үшін ІАҚ жауапкершілігін қабылдауды болдырмайтын корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау процестерін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес беру;

24) ІАҚ құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың, мемлекеттік органдардың хаттары мен басқа да өтініштерін қарауды қамтамасыз ету;

25) қызметтік тергеп-тексерулерге қатысу, ІАҚ туралы Ережеде белгіленген тәртіппен арнайы тексерулер жүргізу;

26) жаңа өнімдерді немесе қызметтерді енгізу және осыған байланысты Қоғамның қосымша тәуекелдерін бағалау туралы мәселелерді талқылауға қатысу;

27) ішкі аудит және тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені, сондай-ақ заңнамалық, реттеушілік, талдамалық құжаттарды, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарындағы өзгерістерді зерделеу арқылы біліктілікті арттыру;

28) ІАҚ құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау және Қоғамның Комитеті және/немесе Директорлар кеңесі ІАҚ-ға жүктеген өзге де міндеттерді орындау.

Біліктілік талаптар:

1) бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе қаржы және/немесе экономика және/немесе құқық саласындағы жоғары кәсіптік білім;

2) квазимемлекеттік сектор субъектілері және/немесе лицензияланған қаржы ұйымдары болып табылатын ұйымдарда не Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылаушы немесе қадағалау органдарында (ішкі) аудит және/немесе бақылау және/немесе қаржы саласындағы жұмыс тәжірибесі - кемінде бес жыл, оның ішінде кемінде үш жыл;

3) бақылау немесе қаржы саласындағы басшы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі - кемінде бес жыл;

4) Ішкі аудиторлар институтының ішкі аудиттің кәсіби практикасының халықаралық негіздерін, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын, корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау негіздерін білуі;

5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп, салық салу, акционерлік қоғамдар, еңбек, мемлекеттік мүлік, индустриялық-инновациялық қызмет және қаржы мәселелері бойынша білім;

6) мемлекеттік тілді және ағылшын тілін білу (ұнамды);

7) Ішкі аудиторлар институтының (Тhe Institute of Internal Auditors) мынадай сертификаттарының бірі: CIA (Certified Internal Auditor); QIAL (Qualification in Internal Audit Leadership), CCSA (Certification in Control Self-Assessment), CFSA (Certified Financial Services Auditor), CGAP (Certified Government Auditing Professional), CRMA (Certification in Risk Management Assurance) немесе мемлекеттік аудитордың біліктілігі немесе кем дегенде IAP (Internal Audit Practitioner) немесе DipCPIA (Сертификатталған қаржы менеджерлері институтымен (Ұлыбритания) шығарылған). Бұл ретте CIA (Certified Internal Auditor) сертификаты бар үміткерге артықшылық беріледі;

8) аудит, тәуекелдерді басқару және бақылау/қаржы/құқық/ЕБ және т. б. саласында өзге де кәсіби сертификаттардың болғаны жөн.

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім:

Қазақстан Республикасының Конституциясы;

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі;

Кәсіпкерлік кодексі;

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері.

Құзыреттерді иеленуге қойылатын талаптар:

1. Нәтижеге бағдарлау: қажетті нәтижеге жету үшін ол қосымша атқарымдарды алады;

2. Кәсіби презентацияларды дайындау дағдылары;

3. Қарым-қатынас: нәтижеге жету үшін бөлімше/компания жайғасымын қорғауды біледі;

4. Таңдау және шешім қабылдау: ақпаратты талдау кезінде ол барлық негізгі факторларды ескереді және басымдықтарды көрсетеді;

5. Атқарымдық өзара іс-қимыл: іргелес өзара іс-қимылда жұмыс істеудің қалыптасқан тәсілін айтарлықтай жақсартатын бастамаларды алға тартады;

6. Бөлімшенің жұмысын ұйымдастыру: қойылған міндеттердің орындалуын нақты жоспарлайды, атап айтқанда - тапсырманы кезеңдерге бөледі, әр кезеңді орындау үшін қажетті ресурстарды анықтайды, нақты мерзімдерді белгілейді;

7. Өзгерістерді енгізу: топтың қажетті өзгерістерді қабылдауына ықпал етеді;

8. Командалық: әріптестерімен белсенді қарым-қатынас жасайды, өзінің және көршілес жұмыс орындарының түйіскен жерлеріндегі іс-әрекеттердің үйлесімділігіне қол жеткізеді;

9. Даму: жұмыста жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін көкжиегін үздіксіз кеңейтеді, білімі мен қабілеттерін жетілдіреді.

10. Күйзеліске төзімділік;

Жұмысқа орналасу шарттары:

1. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын ресімдеу;

2. Жалақы + қызмет нәтижелілігінің қорытындысы бойынша тоқсан сайынғы сыйлықақылар;

3. Бүкіл отбасылық медициналық сақтандыру (үш адамға дейін)

4. Оқыту және кәсіби даму;

5. Кәсіби ұжым;

Түйіндеме g.maratkyzy@qic электрондық мекенжайға қабылданады. Хаттың тақырыбында лауазымның атауы көрсетілуі керек (құжаттың басын қараңыз).

Біздің тобымызға қосылыңыз