«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Жаңалықтар қоғам

10 Мамыр 2017 | «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Макинск құс фабрикасы құрылысы бойынша жобаны іске асыруға кірісті

Baiterek                                                                                      KKM

 

10 мамыр 2017 ж.                                                                                                                       Астана қ.

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы) қуаттылығы 25000 тоннаға дейін құс етін өндіретін Макинск құс фабрикасы құрылысы бойынша жобаны іске асыру үшін бірінші траншқа инвестиция салу туралы хабарлайды.

Жалпы құны 100 миллион доллар болатын жоба «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ инвестициялық компаниясы - «ВaiterekVentureFund» АҚ арқылы іске асырылады. Сонымен қатар, жобаға Еуропа қайта құру және даму банкі (EBRD) және Қазақстан даму банкі (ҚДБ) қатысады. Аталған жоба «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ үшін стратегиялық жоба болып табылады, өйткені ұлттық чемпиондар бағдарламасы шеңберінде агроөнеркәсіп кешенінде іске асырылады.

Екінші траншқа 2017 жылдың бірінші жартысында инвестиция салу жоспарланады, инвестицияның барлық сомасы 2017-2017 жылдары игерілетін болады. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ тарапынан салынған әрбір доллар үшін жекеменшік және шетелдік инвестициялардың алты долларынан астамы тартылатынын атап өткен жөн.

Жобаның бастамашысы Қазақстанда құс етін өндіретін ірі кәсіпорын - «Өскемен құс фабрикасы» АҚ болып табылады. 1976 жылы құрылған құс фабрикасы 40 жыл бойы тұтынушыларды жоғары сапалы азық-түліктің кең ауқымымен қамтамасыз етеді. 

        

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ) – тікелей инвестициялар қорларының қазақстандық қоры. ҚКМ институционалды шетелдік инвесторлармен бірлесіп экономиканың серпінді дамушы секторларындағы кәсіпорындарға капитал ұсынатын инвестициялық қорлардың акционері болып табылады. ҚКМ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына енеді.

Baiterek Venture Fund (BVF) - BVF инвесторы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ болып табылады. Бірінші кезеңде қордың капитализациясы 9100 млн. теңгені (49,6 миллион АҚШ долларын) құрайды.

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ баспасөз қызметі

8 (7172) 554-222 (120)

(www.kcm-kazyna.kz,facebook.com/kcmkazyna)