Директорлар кеңесінің Төрағасы

«Бәйтерек» ҰБХ»
АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары

Ғалым Үсен, 1983 жылы туған, Қазақстан азаматы, "Qazaqstan Investment Corporation" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2024 жылғы 31 қаңтардан бастап "Qazaqstan Investment Corporation" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 5 ақпандағы шешімімен "Qazaqstan Investment Corporation" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Үсен Ғалым

Білімі:

  • Гарвард университеті, Кеннеди мемлекеттік басқару мектебі (Массачусетс, АҚШ), Мемлекеттік басқару магистрі (2023)
  • Осака университеті, Экономика факультеті (Осака, Жапония), экономика және бизнес бакалавры (2008)

Мансап жолы:

  • 2008-2011 жылдары Simplex Inc компаниясында әзірлеуші болып жұмыс істеді. (Токио, Жапония).
  • 2012-2018 жылдары Deloitte Tohmatsu Consulting LLC-де (Токио, Жапония) әртүрлі лауазымдарды атқарған.
  • 2019-2020 жылдары әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыруды жүзеге асырды, оның ішінде
    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаментінің директоры.
  • 2020-2021 жылдары "BI Innovations" ЖШС (Астана) компаниясында Корпоративтік шешімдерді цифрландыру департаментінің директоры лауазымын атқарды.

Ешқандай лауазымдарды қоса атқармайды. Үлестес ұйымдардағы акциялар үлесінің иесі емес.