Арман Касенов

Басқарма Төрағасының инвестициялық қызмет жөніндегі орынбасары

Басқарма мүшесі

Қаржы және инвестиция саласындағы басшылық лауазымдарда 20 жылдық тәжірибесі бар.



Арман Касенов

IT және қаржылық технологиялар саласындағы бірқатар компаниялардың тең құрылтайшысы болып табылады.

2009 жылдан бастап әртүрлі уақытта Қазақстанның ірі жеке және мемлекеттік қаржы институттарында директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма мүшесі қызметтерін атқарды. Оның ішінде мемлекеттік Қазақстанның даму банкінің басқарма мүшесі болды.

Тәжірибесі қаржылық қызметтің барлық негізгі бағыттарына - несиелеуге, тәуекелдерді басқаруға, бағалауға жетекшілік етуді қамтиды.

London business school қаржы магистрі дәрежесіне ие.

Кембридж университетінің Judge Business School Eurasia Business Executive & Leadership Programme басшыларға арналған бағдарламасын аяқтады. Бакалавр дәрежесін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Халықаралық экономикалық қатынастар» бағдарламасы бойынша алды.

Қазіргі уақытта толық емес жұмыс уақыты жағдайында жұмыс істемейді.

Басқа ұйымдардың Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылмайды.

Еншілес ұйымдарға тиесілі акциялар үлесі жоқ.

Азаматтығы – Қазақстан Республикасы.