QIC және ADQ бірлескен инвестициялау платформасын құруда

04.12.2023

Инвестицияларды экономиканы дамытуға жәрдемдесу және Қазақстан мен БАӘ арасындағы байланысты нығайту үшін қарқынды дамып жатқан секторларға бағыттау жоспарлануда.

Қазақстан Республикасындағы жеке капитал нарығының операторы Qazaqstan Investment Corporation («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес компаниясы) және Әбу-Дабиде орналасқан ADQ инвестициялық-холдингтік компаниясы бірлескен инвестициялық платформа құру туралы хабарлады. Платформа өңдеу өнеркәсібіндегі жылдам дамып келе жатқан ресурстық емес секторларға, жаңартылатын энергия көздеріне, агроөнеркәсіптік кешенге, денсаулық сақтау, қаржылық қызметтер технологиялары мен білім беру және т.б.

Инвестициялық платформаның мақсаты – Қазақстанда, сондай-ақ Орталық Азия және Кавказ аймағы елдерінде инвестициялық жобаларды дайындау және жүзеге асыру. Ынтымақтастық аясында Qazaqstan Investment Corporation (QIC) және ADQ басқа инвесторлармен бірге әрбір инвестицияға тең қаржылық және операциялық жарналар енгізуге ниетті.

ADQ тиімді тәуелсіз инвестициялық серіктестіктерді құруда үлкен тәжірибесі бар және бірлескен қаржыландырудағы тәжірибесімен бөлісуге ниетті.

Мәртебелі Мухаммед Хассан аль-Сувейди ADQ басқарушы директоры және бас директоры: «Бірлескен инвестициялау платформасы ADQ-ның инвестициялық стратегиямызды толықтыратын, басқа елдерге біздің портфолио аясында әзірленген маңызды және әртүрлі сараптамадан пайда алуға мүмкіндік беретін негізгі нарықтардағы инвестициялық серіктестікті дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді. Біздің ынтымақтастығымыз нақты пайда әкелетін және БАӘ, Қазақстанның және бүкіл Орталық Азия мен Кавказ аймағының экономикалық өсуіне ықпал ететін елеулі инвестицияларға әкелетініне сенімдіміз».

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров: «Біз Қазақстан мен БАӘ арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға, атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымға инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін тікелей инвестиция тартуға мүдделіміз. QIC және ADQ арасындағы инвестициялық ынтымақтастық бүкіл аймақтың одан әрі экономикалық дамуы үшін үлкен әлеуетке ие болады». 

ADQ компаниясы туралы

2018 жылы Әбу-Дабиде құрылған ADQ ірі кәсіпорындардың кең портфелі бар инвестициялық және холдингтік компания болып табылады. Оның инвестициялары БАӘ әртараптандырылған экономикасының негізгі секторларын қамтиды, соның ішінде энергетика және коммуналдық қызметтер, азық-түлік және ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және биологиялық денсаулық сақтау, мобильділік және логистика. Әбу-Даби үкіметінің стратегиялық серіктесі ретінде ADQ Әмірліктің білімге негізделген жаһандық бәсекеге қабілетті экономикаға айналуын жеделдетуге ұмтылады.

Қосымша ақпарат алу үшін adq.ae сайтына өтініңіз немесе media@adq.ae мекенжайына жазыңыз. Сондай-ақ Instagram, LinkedIn және X жүйелерінде ADQ-ге жазыла аласыз.

«Qazaqstan Investment Corporation» (QIC)компаниясы туралы

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ - бұл ұлттық экономиканың тұрақты дамуына жәрдемдесу үшін құрылған тікелей инвестициялар қоры. Біздің қызметіміз Қазақстанда тікелей инвестициялар инфрақұрылымын қалыптастыруға, экономиканың басым секторларына шетелдік инвестицияларды тартуға, озық халықаралық тәжірибені пайдалануға және тікелей инвестициялар саласына инновациялық білім мен технологияларды беруге бағытталған.

QIC туралы қосымша ақпарат алу үшін мына сайтқа кіріңіз: http://www.qic.kz/

Присоединяйтесь к нашей команде