Startup Central Eurasia Venture Summit

04.05.2023
25-26 сәуірде Тбилиси қаласында (Грузия) Орталық Азия аймағындағы жаһандық венчурлық нарықты және стартап экожүйені дамыту мәселелерін шолуға арналған Startup Central Eurasia Venture Summit өтті. Саммит жұмысына Орталық Азия, Түркия, БАӘ, Чехия, Моңғолия, Қазақстан және Ұлыбритания инвесторлары мен сарапшылары қатысты. Саммитке қатысушылар алдағы трендтерді, венчурлік нарықты дамытудың сын-тегеуріндері мен мүмкіндіктерін, сондай-ақ болашақ ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Негізгі панельдік сессиялардың бірі – «Financial Institutions, Family Offices, Fund of Funds as investors (LPs) for the new VC Funds» аясында Qazaqstan Invesment Corporation басқарушы директоры Мөлдір Жақанова спикер ретінде сөз сөйледі. Ашық пікірталас барысында спикерлер Орталық Азия өңірінің венчурлік инфрақұрылымының әлеуетін ашу үшін катализатор бола алатын қажетті құралдар, заңнамалық базаны жетілдіру жөніндегі шаралар туралы өз пікірлерімен бөлісті, сондай-ақ жергілікті венчурлік қорлардың қызметіне тоқталды. «2020 жылы QIC private equity құралдары арқылы стрестік активтер, венчурлық қаржыландыру және инфрақұрылымдық жобалар сегменттеріне қатысу арқылы инвестициялық мандатын кеңейтті. Орталық Азия өңірінде private equity инфрақұрылымын қалыптастыру бойынша процестің драйвері рөлін атқара отырып, біз өзіміз үшін басты міндеттің бірі ретінде Қазақстанда, сондай-ақ бүкіл өңірде қолайлы инвестициялық орта құруды көріп отырмыз. Біздің венчурлік экожүйені дамытуға қазақстандық компаниялардың сыртқы нарыққа шығуына көмектесетін стратегиялық халықаралық әріптестерді тартумен қатар, қолдаудың қаржылық және қаржылық емес құралдарын жасау арқылы өз үлесімізді қосамыз. Бүгінде QIC географиялық мандаты Орталық Азия өңірінің жобаларына бағытталатын екі венчурлік қорға қатысу мүмкіндігін қарастыруда. Сонымен қатар, Quest Ventures сингапурлық венчурлік қормен бірлесіп өткізілген Kazakhstan Digital Accelerator акселерациялық бағдарламасының елеулі нәтижелерін ескере отырып, біз стартап жобалар мен венчурлік инвесторлардың құзыреттерін дамыту жөніндегі қызметті жалғастыруға ниеттіміз. Осы мақсатта 2022 жылғы желтоқсанда «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында QIC – BGlobal Ventures еншілес ұйымы тіркелді. BGlobal Ventures қызметі акселерациялық және білім беру бағдарламаларын іске асыруға және жаһандық аренада стартаптарды масштабтауға бағытталады. QIC бағдарламалары Орталық Азия өңірінің барлық елдерінен кәсіпкерлер, бизнес-періштелер және венчурлық инвесторлар үшін қолжетімді екенін атап өткен жөн», - деп бөлісті Мөлдір Жақанова өз сөзінде.

Присоединяйтесь к нашей команде