Qazaqstan Investment Corporation БҰҰ Жаһандық шартына

07.04.2023
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC) Қазақстанда тікелей инвестициялар нарығын дамытудың негізгі драйвері ретінде тұрақты дамуды басқарудың корпоративтік тәжірибесін жетілдіруді жалғастыруда. 2023 жылдың 3 сәуірінде QIC Біріккен Ұлттар Жаһандық шартына Ұйымының (UN Global Compact) қосылды. БҰҰ Жаһандық шартына қосылу корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын одан әрі енгізуге, бірлескен білім беру, акселерациялық бағдарламаларды іске асыруға және корпорацияның стейкхолдерлері арасында БҰҰ-ның он жалпы қағидаттары мен құндылықтарын ілгерілетуге ықпал етеді. QIC жобалар портфелінің негізгі үлесі шағын және орта бизнеспен ұсынылған. Осылайша, корпорацияның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік мәселелеріндегі белсенді іс-әрекеттері ШОБ жобалық компанияларында тұрақты даму саласындағы білімді насихаттауға және практиканы енгізуге бағытталады. Сонымен қатар, «жауапты инвестициялау» моделіне көшу шеңберінде QIC 2022 жылғы қазанда БҰҰ Жауапты инвестициялау қағидаттары бойынша қауымдастығына (UN Principles of Responsible Investments) кірді. Қауымдастықтың мүшелері халықаралық тікелей инвестициялар қорлары мен инвестициялық компаниялар болып табылады, олардың қызметі инвестициялық қызметке ESG стандарттарын енгізу арқылы «жауапты инвестициялау» тұжырымдамасын дамытуға бағытталған. 2022 жылдан бастап қаржылық емес есептілікті ашу саласындағы корпоративтік ашықтықты арттыру мақсатында QIC GRI (Global Reporting Initiative) Жаһандық есептілік бастамасының тұрақты дамы саласындағы есептілік жөніндегі нұсқаулығына сәйкес ақпаратты ашу практикасын енгізеді. БҰҰ Жаһандық шарты әлемдегі 160-тан астам елден 20 000-нан астам қатысушы компанияны біріктіретін корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік пен тұрақты даму саласындағы әлемдегі ең ірі бастама болып табылады. Осы бастамаға қосылу қатысушы компаниялардың өз қызметінде БҰҰ Жаһандық шартының адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында он әмбебап қағидатын дәйекті енгізуге бейілділігін растайды, сондай-ақ БҰҰ-ның он жалпы қағидаты мен құндылығын ілгерілету мақсатында қатысушылардың стратегиялары мен қызметін үйлестіру және тұрақты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін шаралар қабылдау ниетін білдіреді.

Присоединяйтесь к нашей команде