• QIC
  • / Жаңалықтар мен инсайттар
  • / «Бәйтерек» холдингі Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп «Global NPL» IV халықаралық саммиті шеңберінде «Kazakhstan» панельдік сессиясын өткізді

«Бәйтерек» холдингі Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп «Global NPL» IV халықаралық саммиті шеңберінде «Kazakhstan» панельдік сессиясын өткізді

10.10.2022
2022 жылғы 5 қазанда Лондон қаласында (Ұлыбритания) өткен «Global NPL» 4 халықаралық саммитінің алаңынды Қазақстан Республикасының Ұлыбританияның Біріккен Корольдігіндегі және Солтүстік Ирландиядағы Елшілігінің қолдауымен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-мен бірлесіп Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұйымдастырған «Kazakhstan» панельдік сессиясы болып өтті. Global NPL - осы саладағы стресстік активтер нарығының дамуы мен өңірлік сын-тегеуріндерге шолу жасауға арналған негізгі іс-шара. Дәстүр бойынша, осы форум аясында Италия, Испания, Бразилия, Қытай, Түркия және Ұлыбритания сияқты ұлттық банк жүйесін сауықтыру бойынша белсенді қызмет атқаратын мемлекеттер өз елінің қамқорлығымен сессиялар өткізеді. Сессия шеңберінде халықаралық инвестициялық қоғамдастыққа қолайлы институционалдық орта құруға бағытталған Қазақстанда атқарылған жұмыстың нәтижелері, банк секторының стресстік активтер нарығын сауықтыру және NPL деңгейін төмендету жөніндегі жоспарлары, сондай-ақ «Бәйтерек» холдингі елінің негізгі қаржы институтының қатысуымен активтердің осы сыныбын экономикалық айналымға тарту жөніндегі одан әрі іс-қимылдар ұсынылды. Панельдік сессияда спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы – Мәдина Әбілқасымова, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы - Қанат Шарлапаев, «Bank RBK» АҚ Басқарма төрағасы - Наталья Акентьева, қаржы талдаушысы - Расул Рысмамбетов, сондай-ақ портфельді сауықтыру және қайта құрылымдау жөніндегі EҮ серіктесі - Хардип Бхатти сөз сөйледі. Саммитте Агенттік төрайымы Мәдина Әбілқасымова «Қазақстандағы стресстік активтер нарығын дамыту туралы» тақырыбында сөз сөйледі, ол Қазақстанның банк секторын стресстік активтерден тазартудың және оларды экономикалық айналымға тартудың тиімді тетіктерін құру туралы, сондай-ақ банк секторындағы және қадағалау жүйесіндегі соңғы жаңалықтар туралы айтты. Бүгінгі таңда стресстік активтердің көлемі банк секторы активтерінің 6% (2,5 трлн теңге) бағаланады, бұл нарыққа жаңа әлеуетті инвесторлардың кіруі үшін тартымды болып табылады. Мәдина Әбілқасымова стресстік активтердің деңгейі банк жүйесінің сенімділігінің негізгі индикаторы болып табылатынын атап өтті. 2019 жылдан бастап банк секторының қаржылық жай-күйінің объективті бейнесін тұрақты негізде қалыптастыру үшін Агенттіктің қадағалау процесі Еуропалық Орталық Банктің моделіне негізделген SREP (Supervisory Review and Evaluation Process) әдіснамасы бойынша банктердің қаржылық жай-күйін бағалауды, сондай-ақ тұрақты AQR (Asset quality review) және стресс-тестілеуді қадағалауды жүргізуді көздейтін тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдануға негізделген. Стресстік активтерді экономикалық айналымға тартуды жеделдету мақсатында Агенттік проблемалық кредиттерді сатып алушылар үшін қолайлы салық режимін құруға бағытталған реттеу шараларын қабылдады. Бұдан басқа, стресстік активтердің банктердің баланстарында 3 жылдан аспайтын және стресстік активтерді басқаруды жүзеге асыратын олардың еншілес ұйымдарында 5 жылдан аспайтын мерзім болуының шекті мерзімі белгіленген. Осы нарыққа жеке инвесторларды тарту мақсатында 2022 жылғы 4 шілдеде жеке инвесторларды, оның ішінде резидент инвестстерді қосу арқылы стресстік активтерді сатып алушылар тізімін кеңейтуді көздейтін Заң қабылданды. Бұл банктердің баланстарын жұмыс істемейтін кредиттерден тазартудың нарықтық механизмін жасайды, сонымен қатар жаңа инвесторлардың, соның ішінде халықаралық инвесторлардың стресстік активтер нарығына қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, стресстік активтер нарығы үшін толыққанды инфрақұрылымды қалыптастыру қажет, ол стресс активтерін еркін сатып алу және сату үшін алаң құруды және нарықтың барлық қатысушылары үшін ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етуді қамтиды. Ол үшін Агенттік стресстік активтерді сатып алу мен сатудың бірыңғай цифрлық платформасын құру мәселесін пысықтауда. Цифрлық платформа стресстік активтер туралы ақпаратты стандарттауға және нарықтың ашықтығын арттыруға, инвесторлар базасын кеңейтуге, сондай-ақ стресстік активтерді сатып алу және сату үшін қайталама нарықты қалыптастыруға ықпал етеді. Өз кезегінде Қанат Шарлапаев қабылданған бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, «Бәйтерек» холдингінің стресстік активтер нарығын дамыту және жеке инвесторлармен өзара іс-қимыл жөніндегі жоспарлары туралы айтты: «Бәйтерек» холдингі Қазақстанның негізгі даму қаржы институты ретінде елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған және жұмыс істемейтін активтер нарығын сауықтыру бойынша белсенді жұмыс жүргізетін болады. Осы міндеттерді іске асыруға Холдингтің еншілес ұйымы – Қазына Капитал Менеджмент қоры тартылған. ҚКМ тиісті тәжірибесі бар халықаралық инвесторлармен бірлесіп, стресстік активтердің өтімді нарығын дамытуға және мемлекеттік қаражатты тартпай NPL деңгейін төмендетуге бағытталған бірнеше нұсқаны пысықтайтын болады. Опциялардың әрқайсысында «Бәйтерек» холдингі ҚКМ-мен бірлесіп жергілікті сараптамасы бар мықты стратегиялық серіктес болады». Айта кету керек, 2022 жылы аталған іс-шараға қатысуға Top-10 жеке меншікті инвестициялар қорының (Blackstone, KKR және т. б.) басшылары, ірі инвестициялық банктер (Goldman Sachs, J. P. Morgan), стресстік активтер қорларын басқару саласындағы халықаралық басқарушы компаниялар (Bain Capital, Apollo, Altamira) және Big Four кеңесшілері шақырылды.

Присоединяйтесь к нашей команде