«Baiterek Venture Fund» АҚ «EMC Agro» ЖШС фермаларын кеңейту жобасын инвестициялады

11.11.2022
2022 жылдың қазан айында «Baiterek Venture Fund» АҚ («Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның еншілес ұйымы) «EMC Agro» ЖШС-нің қолданыстағы шошқа фермасының тауарлық табынын сою үшін жылына 200 000 басқа дейін кеңейту жобасын қаржыландырды. Инвестициялық жобаның жалпы құны 20,6 млрд теңгені құрайды, оның ішінде «Baiterek Venture Fund» АҚ инвестициялары 1,1 млрд теңгені құрады. «EMC Agro» ЖШС – Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында орналасқан, тігінен интеграцияланған өндірісі бар компания болып табылады, ол жануарларды асырауды, өсіруді және союды, сондай-ақ ет өңдеуді және өзінің дистрибуциясын қамтиды. Шаруа қожалығының ағымдағы қуаты жылына 100000 бас тауарлық табын союға арналған. Қордың қаражаты жануарларды ұстауға арналған Big Dutchman International GmbH компаниясының жабдықтарын сатып алуға бағытталды. Жоба аясында 150 тұрақты жұмыс орны құрылады. Жоба жоспарлы қуаттарға шыққан кезде бюджетке салық төлемдерінің көлемі жылына 700 млн теңгеден асады, ал өнімді өткізу көлемі 26 млрд теңгеден асады деп күтілуде. «EMC Agro» ЖШС халықаралық нарықтарға шығуға ықпал ететін FSSC-22000 халықаралық сапа сертификатына ие. Осылайша, жақын арада компания ҚХР-дағы экспорттық нарыққа шығуды жоспарлап отыр. Айта кетейік, бұған дейін «Baiterek Venture Fund» АҚ Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласында шошқа еті мен шұжық өнімдерін өндіру үшін жылына 50 000-нан 100 000 басқа дейін тауарлық табынын союға арналған шошқа фермасын кеңейту жобасын қаржыландырып, «EMC Agro» ЖШС-не қолдау көрсеткен болатын. Қор қаражаты құрылыс-монтаждау жұмыстарына, жануарларды ұстауға арналған жабдықтар сатып алуға, сондай-ақ асыл тұқымды мал басын сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға бағытталды. Жоба аясында 300 тұрақты жұмыс орны құрылды. Жоба жоспарлы қуаттылыққа шыққан кезде бюджетке салық төлемдерінің көлемі 591 млн теңгеден асты, ал өнімді өткізу көлемі 18 млрд теңгеден асты. Анықтама «Baiterek Venture Fund» АҚ 2014 жылы құрылды, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы болып табылады және «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің компаниялар тобына кіреді. Қордың миссиясы экономиканың басым секторларындағы жобаларды қаржыландыру арқылы қазақстандық бизнесті қолдау үшін дәстүрлі және балама инвестициялық құралдарды ұсыну болып табылады. Қор іске қосу, өсу және жетілу кезеңдерінде үлестік және борыштық қаржыландыруды ұсыну арқылы шағын, орта және ірі бизнес жобаларын іздеуді және инвестициялауды жүзеге асырады.

Присоединяйтесь к нашей команде