«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ CITIC Group Corporation (Қытай) және Asia Investment Finance Group Ltd. (Гонконг) бірлесіп «China-Kazakhstan Nurly Investment Fund» тікелей инвестициялардың бірлескен қорын құру туралы келісті

8 Маусым 2017 | «ҚазынаКапиталМенеджмент» АҚ CITIC Group Corporation (Қытай) және Asia Investment Finance Group Ltd. (Гонконг) бірлесіп«China-Kazakhstan Nurly Investment Fund»тікелей инвестициялардың бірлескен қорын құру туралы келісті

Baiterek                                                                                      KKM

 

2017 жылы 8 маусымда «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы), CITIC Group Corporation (Қытай) және Asia Investment Finance Group Ltd. (Гонконг) Қазақстанға ресми делегацияның шеңберіндегі сапары барысында «China-Kazakhstan Nurly Investment Fund» тікелей инвестициялардың бірлескен қорын (бұдан әрі - «Қор») құру туралы келісті.

Қордың мақсатты көлемі $300 млн. АҚШ долларына дейінгі соманы құрайтын болады, инвестициялар географиясы - Қазақстан (50%) және екі: Жаңа жібек жолы және XXI ғасырдағы теңіз Жібек жолы жоспарын қамтитын «Бір белдеу – бір жол» жобасын құрайтын басқа елдер (50%).

«Аталған бастамашылықтың мәні - инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа моделін қалыптастыратын және алға бастыратын бірлескен Қор құру. Және соған байланысты, private equity секілді қолданылатын құралдар инвестициялық жобаларды іске асыруда аса тиімді болады. «China-Kazakhstan Nurly Investment Fund» қаражаты, бірінші кезекте, экономиканың басым секторларына, атап айтқанда, жоғары технологиялық, инновациялық және ғылымды қажет ететін жобаларды дамытуға бағыттау жоспарланады.

ҚКМ үшін CITIC Group Corporation және Asia Investment Finance Group Ltd. секілді инвестициялық корпорациялармен бірлесіп private equity Қорын құру стратегиялық маңызды оқиға болып табылатынын атап өткім келеді, өйткені біз экономикалық өсу және өңірдің инфрақұрылымын қайта құру мүддесіндегі «Нұрлы жол» бағдарламасы бағытындағы «Бір белдеу – бір жол» мегажобасын іске асыру эпицентрінде боламыз»,- деп «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Достияров аталған оқиғаны түсіндірді.

 

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ) – 2007 жылы ұлттық экономиканың тұрақты дамуына ықпал ету үшін құрылған тікелей инвестициялық қорлардың (private equity) қоры. Қазына Капитал Менеджмент отбасының қорлары бәсекеге қабілеттілікті әрі қарай өсіру және арттыру мақсатында экономиканың әртүрлі секторларындағы компанияларға капитал ұсынады. ҚКМ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына енеді. (www.kcm-kazyna.kz)

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ баспасөз қызметі

8 (7172) 554-222 (120)

(www.kcm-kazyna.kz , facebook.com/kcmkazyna)