«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне «INVIVO» зертханаларында барлық зерттеулерден тегін өту мүмкіндігі ұсынылады

5 Мамыр 2017 | Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне «INVIVO» зертханаларында барлық зерттеулерден тегін өту мүмкіндігі ұсынылады

Baiterek                                                                                      KKM

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

5 мамыр 2017 ж.                                                                                                                       Астана қ.

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы)  Жеңіс күнін тойлау қарсаңында 2017 жылы 5 мамыр және 10 мамыр аралығында Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне «INVIVO» зертханаларында барлық зерттеулерден тегін өту мүмкіндігінің ұсынылатынын хабарлайды.

«INVIVO» зертханасы - орталық азия өңірінде желілік өңірлік құрылымы бар алғашқы зертхана. ADM Capital басқарушы компания басқаруындағы ADM Kazakhstan Capital Restructuring Fund (KCRF) тікелей инвестициялардың еншілес қоры «Invivo VDP» ЖШС желісінің ұлғаюына  $10 млн. салды.

Қазіргі кезде Қазақстан аумағында Алматы, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Шымкент, Қызылорда және Тараз қалаларында 150 қабылдау пункті, 600-ден астам білікті мамандар табысты қызмет атқарады (толық ақпарат www.invivo.kz сайтында). 

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ) – тікелей инвестициялар қорларының қазақстандық қоры. ҚКМ институционалды шетелдік инвесторлармен бірлесіп экономиканың серпінді дамушы секторларындағы кәсіпорындарға капитал ұсынатын инвестициялық қорлардың акционері болып табылады. ҚКМ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына енеді. (www.kcm-kazyna.kz)

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ баспасөз қызметі

8 (7172) 554-222 (120)

(www.kcm-kazyna.kz,facebook.com/kcmkazyna)