«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Қапшағайдағы күн электр стансасында ТМД аумағында теңдесі жоқ энергия шоғырлау жүйесі іске қосылды (ФОТО)

11 Наурыз 2016

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қапшағай қаласындағы күн электр стансасында қуаты 2 МВт болатын инновациялық «EnergyCell» энергия шоғырлау жүйесі іске қосылды.

20160311212940«Бұл инновациялық технология ТМД және бүкіл Орталық Азия аумағында тұңғыш рет пайдалануға берілді. Ол жаңғыртылмалы қуат көздерінен алынатын энергияны Қазақстанның энергия жүйесіне анағұрлым тиімді біріктіруге бағытталған. Ал бұл, тұрғындарды электр қуатымен жабдықтау сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - деді журналистерге берген сұхбатында «Самрұқ-Энерго» АҚ басқармасы төрағасының кеңесшісі Ғани Сәлімжуаров.

Бұл жүйені АҚШ-тың Силикон алқабында орналасқан «Primus Power Corporation» компаниясы жасап шығарған. Сондай-ақ, аталған компания - Ресей-Қазақстан нанотехнология қорының серіктесі.

Өз кезегінде «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Оңаев, еліміздегі «Primus Power» жобасына аталған Қор күні бүгінге дейін 5 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция жұмсағандығын жеткізді.

«Бұл - электр қуатын өнеркәсіптік деңгейде сақтаудың бірегей жүйесі. Жұмыс істеу мерзімі - 25 жылға дейін. Егер жоба ойдағыдай жүзеге асырылатын болса, осы бағытта Қазақстанда бірлескен өндіріс орны ашылатын болады. Бұл жерде жергілікті мазмұн 50 пайызға дейін жеткізіледі. Демек, өнімнің бағасы мен оның логистикалық шығындары арзандайды. Ал болашақта ЕЭО аумағына экспортқа шығарылады», - деді «Primus Power» жобалау компаниясының президенті Том Степиен.

Айта кетелік, аталған жоба Қазақстанда 2030 жылға қарай жаңғыртылмалы қуат көздерінен алынатын электр энергиясының үлес салмағын 30 пайызға жеткізу жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

20160311212943

 

20160311212946

 

20160311212950

 

20160311212953

 

20160311212957

 

20160311213000

 

20160311215900

 

Источник: http://www.inform.kz/