«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Жаңалықтар қоғам

23 Мамыр 2014

Жұмыла көтерген жүк жеңіл /Рабиға Абдикеримова/

Қазіргі таңда Қазақстанның қаржы нарығында «ұзын» ақша жетіспейді, ол көптеген ұйымдардың, бірқатар секторлардың және жалпы ел экономикасының өсуін бәсеңдететіні белгілі. Соның әсерінен қосымша қаржыландыру тұрғысынан барлық нарық бизнеске басқаша көзқарасты қажет етеді. Сондай көзқарастағы тәсілдеменің бір түрі тікелей инвестициялар қорының  ұсынатын қызметтері болып табылады.

Қазіргі кезде қазақстандық нарықтағы private equity-дегі басты ойыншы «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ компаниялар тобының құрамындағы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ болып табылады. Бұл жайлы жалпы капитализациясы $2,5 млрд-ты құрайтын 11 қордан тұратын  компанияның стратегиялық портфелінің ауқымдылығы айтып тұрғандай. Осы қордың әрқайсысы бірден бірнеше компанияға инвестиция салуы мүмкін. Тікелей инвестициялар қорлары (ТИҚ) компанияға белгілі бір мерзімге кіреді. Әдетте ол 3-5 жыл болады. Сонымен бірге ТИҚ-тың қатысуы қаржыландырудың басқа да көздерін жоққа шығармайды. ADM Capital-дың (басқаруында Kazakhstan Growth Fund және ADM Kazakhstan Capital Restructuring Fund қорлары бар) инвестициялық директоры Әділ Өсжігіттің айтуы бойынша, тікелей инвестициялар жағдайында бір жобада банктік несие мен тікелей инвестициялар тату тұра алады. Алайда ТИҚ-тың ұсына алатыны тек ақша ғана емес. ТИҚ-пен жұмыс істеудің арқасында компанияларға капиталдан басқа, өзге де мүмкіндіктер есігі ашылады. Сарапшылардың айтуынша, оларға ТИҚ-тың компанияның ағымдағы иелерімен тәуекелдерді бөлісуі, қорлардың басқарушы компанияларының бизнесін жүргізу бойынша көрсеткен тәжірибесі, дағдарыстық жағдайларды шешу үшін мықты мамандарды тарту бойынша олардың мүмкіндіктері, бизнес құнын ұлғайту және т.б. жатады. Осының барлығы нарықта компанияға бәсекелестерінің алдында қосымша артықшылық береді, бизнестің өсуі мен капитализацияны арттыруға көмек береді. Бірлескен жұмыс компанияларға болашақта стратегиялық серіктес табуға немесе қор нарығына шығуға, ал ТИҚ үшін компанияны сатқан кезде жақсы кіріс алуға мүмкіндік береді. «ТИҚ әдетте компанияның менеджментін жаңаға өзгертпейді, себебі олар қаржылық инвесторлар болып табылады. Операциялық менеджмент бизнес иелерінің өздерінде қалады. ТИҚ қаржы ағынын қорлардың мониторингіне қою үшін, сонымен қатар ТИҚ қаражаттың инвестициялық келісімге қол қою кезінде айтылған мақсаттарға бағытталғанын қадағалау үшін компанияларға өз тарапынан қаржы директорларын немесе бақылаушыларын тағайындайды. Сондықтан Due Diligence кешенді тексеріс жүргізу кезінде ТИҚ қаржы және заң ақпараттарының шындыққа сәйкестігіне ғана емес, сонымен қатар іске асырылатын инвестициялық бағдарлама аясында ағымдағы иелері ТИҚ-пен бірлесіп алдына қойған жоспарларды іске асыру үшін ағымдағы менеджменттің тәжірибесі мен қабілеттілігіне көп көңіл бөледі», — деп Өсжігіт мырза түсіндірді. Компания менеджментінің жаңаға толық ауыстырылуы тек ТИҚ бақылау пакетіне ие болғанда, әдетте ол 75% + 1 акция және одан көп, сонда бизнестің толық иесі болады, осындай жобаның өзі takeover-мәміле болған жағдайда қарастырылады. Өсжігіт мырзаның айтуынша, ағымдағы жағдайы жылдам шараларды қабылдауды қажет ететін, менеджмент өз істерін атқара алмай, ауыстырылуы тиіс болса, бизнес иелерінің сол компаниямен жұмыс істеуіне не қаражаты, не ықыласы болмаса және өз бизнесін толығымен сатуға дайын болатын компаниялар осындай мәмілелерге тап болады. Өз капиталымен кірген компанияларға ТИҚ-тың қосатын тәжірибесін нақты мысалдармен қарастыруға болады. Falah Growth Fund ТИҚ-тың бас инвестициялық директоры Дэвид Хербадының айтуынша, ТИҚ-тың сол немесе басқа жобаларға қатысуы капитал құрылымының саласында меншікті сараптама қолдануды көздейді. «Кейде іс қаржылық сауықтырудың ерекше құралдарын пайдалануға дейін барады. Алайда көп жағдайда тіклей немесе жоғары білікті мамандарды тарту арқылы ТИҚ компанияның бизнес-процесін, операциялық қызметін оңтайландыру бойынша ауқымды сараптама және тәжірибе қосады. Бұл оның жұмысының күнделікті көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді». Оның айтуынша, «Алсад Қазақстан» компаниясы жоғарыда айтылғанның көрнекті мысалы болады. Falah Growth Fund қоры компанияны қаржыландырумен қамтамасыз етіп, олардың қарыздарын қайта құрылымдады: «Сонымен қатар біз жаңартылған кәсіби басқарушы топты қалыптастырдық, ферманы қалпына келтіре алатын бизнес және құс шаруашылығы саласындағы халықаралық сарапшыларды тарттық. Аталған шаралар компанияның өндірістік көрсеткіштерін алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе стандарттары мен критерийлерінің дәрежесіне дейін жақсарта алды». Хербады мырзаның айтуы бойынша, ТИҚ-тың басты қызметтерінің бірі – жайлы аймақтан шығып, өзгеріске қарай қозғалуға мәжүр болатын компания қызметкерлерімен тіл табысу: «Әдетте, өзгерістерге оң қарау және алға қарай қозғалу жекелеген тұлғаларға да, тұтас компания үшін де өте қиын. Сондықтан ТИҚ-тың компаниялармен алғашқы жұмыс сатыларында жағымсыз реакциялар болады және оның алар орны болады. Бұндай жағдайда қызметкерлерді уәждендірудің теңдестірілген жүйесін қалыптастыру, екі тараптың мүдделерін жалпы қорытындыға келтіру міндеттері секілді елеулі жауапкершілік басқарушы топқа жүктеледі. Сонымен бірге қоштасуға тура келетін қызметкерлердің белгілі бір пайызы да әрқашан болады, олар – өзгерісті қаламағандар немесе оған бейімделе алмағандар. Өкінішке орай, бұл қазіргі турбулент әлемдегі бизнес шындығының бірі», — деп өз тәжірибесімен бөлісті.

Бизнес & Власть (Алматы), № 17 (494), 23.05.2014