«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Жаңалықтар қоғам

14 Қараша 2015 | «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ командасыБәйтерек Холдингі арасындағы«BaiterekBestMind» зияткерлік ойындар чемпионатында бірінші орынды иеленді

12227200 951903608190011 1235981591689322214 n

2015 жылы 14 қараша күні сенбіде Астанада «Бәйтерек» ұлттық басқарушы» холдингі мен оның еншілес ұйымдарының 12 командасы арасында Baiterek Best Mind зияткерлік ойындардың екінші чемпионаты өтті.

Былтырғы аталған чемпионаттың жеңімпазы атанған «Қазына Капитал Менеджмент» командасына қос бірдей жауапкершілік жүгі артылды. Олардың алдында турнирді жеңіп қана қоймай, «Бәйтерек» холдингінің ең білімді командасы атағын қорғап қалуды алдына мақсат етті.  

Ойынның бірінші кезеңінде 12 команда үш топқа бөлініп, әр топтан бір-бір финалист анықталып шықты. Қажырлы күрестің нәтижесінде, үш топтан «Қазына Капитал Менеджмент», «Даму» қоры және «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» компанияларының командалары топ жарып, финалға шықса, супер сұраққа жауап берген «Қазақстан ипотекалық компаниясының» командасы төртінші финалист болып алға суырылып шықты.

«Что? Где? Когда?» қазақстандық зияткерлік клубы мамандарының әзірлеген сұрақтары қатысушылардың медицина, тарих, белгілі адамдардың дәйексөздері және басқа да салаларда өз қабілеттерін көрсетіп, бақ сынастыруына зор мүмкіндік берді.

Финал тартысты өтті, кейбір сұрақтар финал ойынының қатысушыларын қиынға соқтырды. Қызу ойында қатысушылардың жүйкелері сыр беріп, командалар фальстартқа бой алдырды. Дегенмен, көп дұрыс жауаптардың нәтижесінде біздің командамыз – «Қазына Капитал Менеджмент» орсан еңбегімен лайықты түрде жеңіске жетті, екінші орынды «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» командасы иеленсе, ал үшінші орынды «Даму» қоры иеленді.

Біз барлық жеңімпаздарды, қатысушыларды және чемпионат ұйымдастырушыларын шын жүректен құттықтаймыз және алдағы жылы болатын ойындардың жаңа сериясына дайындаламыз.