«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Жаңалықтар қоғам

21 желтоқсан 2015 | 2015 жылдың 21 желтоқсанында "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Бірқатар мәселелер бойынша шешімдер қабылданды. Атап айтсақ, Директорлар кеңесінің шешімімен Тәуелсіз директор Милушев Эмиль Шамильевич стратегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі болып сайланды, 2016 жылға арналған Директорлар кеңесі мен Комитеттердің Жұмыс жоспарлары, 2016 жылға арналған Жылдық аудиторлық жоспар, 2016 жылға арналған Корпоративтік хатшы мен Ішкі аудит қызметінің бастығы қызметтерінің негізгі көрсеткіштері бекітілді. Компанияның ұйымдық құрылымын өзгертуге байланысты бизнес-процестерді реттеу бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша бірқатар ішкі нормативтік құжаттарға енгізілетін өзгерістер бекітілді. Сонымен қатар, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның «Қазақстан-Тәжікстан тікелей инвестициялар қоры» АҚ-ға қатысуын тоқтату туралы шешім қабылданды.