«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Астана экономикалық форумы

Тұрақты дамуға арналған фокус

2017 жылғы 15-16 маусымда X Астаналық экономикалық форумның аясында «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ: «ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯЛАР НАРЫҒЫ: Тұрақты дамуға арналған фокус» тақырыбына панельдік сессия өткізеді, оған жергілікті және халықаралық нарықта көпжылдық тәжірибелері бартікелей инвестициялар нарығы саласындағы кәсіби сарапшылар қатысады.

Сессия алаңында тікелей инвестициялар нарығының қатысушылары тап болатын қиындықтар мен мүмкіндіктерді бағалау жөніндегі, нақты салалар, компаниялар мен жобалар үшін тиімді шешімдер іздеу жөніндегі, сондай-ақ Қазақстандағы тікелей инвестициялар нарығының әрі қарай даму болашағын анықтау жөніндегі мәселелерді талқылау жоспарланып отыр.

Өткізу күні: 2017 жылғы 15 маусым

Өткізу орны: Тәуелсіздік Сарайы, Премиум залы 2, Астана, Қазақстан

Уақыты: 11:30 - 13:00

«Қазына Капитал Менеджмент» (ҚКМ) АҚ – тікелей инвестициялау қорларының қазақстандық қоры. ҚКМ институциональдық шетелдік инвесторлармен бірлесіп экономиканың қарқынды дамып келе жатқан  секторларындағы кәсіпорындарға капитал ұсынатын, инвестициялық қорлардың акционері болып табылады. ҚКМ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді. www.kcm-kazyna.kz

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ баспасөз қызметі

+7 (7172) 554-222 (120)

www.kcm-kazyna.kz   facebook.com/kcmkazyna