«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Жаңалықтар қоғам

27 Маусым 2017 |«PRIVATE EQUITY: ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА АРНАЛҒАН ФОКУС» панельдік сессиясының БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

gerb     EIFK     AEF     Baiterek     KKM

 

2017 жылы 15 маусымда Х Астана экономикалық мерейтой форумы шеңберінде «PRIVATE EQUITY: тұрақты дамуға арналған фокус» панельдік сессиясы өтті, оның ұйымдастырушысы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы) болып табылады.

Сессияның спикерлері Айдан Карибжанов, Visor Holding Директорлар кеңесінің Төрағасы (Қазақстан), Орынбасар Қуатов, ADM Capital серіктесі (Қазақстан), Тимур Акажанов, Blackstone Group директоры (АҚША), Павел Хохряков, жеке инвестор (Ресей), Марсия Э. Фавале, M.Favale-Tarter негізін қалаушы және СЕО (АҚШ), Роланд Нэш, Verno Capital инвестициялары бойынша бас стратег, аға серіктес (Ұлыбритания). Сессияның модераторы - Аникет Шах, «Тұрақты даму мүддесінде қаржыландыру бойынша бастамашылық» БҰҰ бағдарламасының жетекшісі (АҚШ) сөз сөйледі.

Панельдік сессияда талқылау барысында тұрақты дамудағы және экономиканың түрленуіндегі private equity рөлі, дамушы елдерде private equity дамуының ерекшеліктері және мәміле жасасу тәжірибесі, Қазақстанда private equity нарығының мәселелері және мүмкіндіктері, private equity инвестициялары үшін ең тартымды секторлар мен индустриялар, сонымен қатар Қазақстанда private equity рөлін күшейту үшін нарық қатысушылары және мемлекеттік институттар тарапынан қажетті шаралар секілді сұрақтардың кең ауқымы қамтылды.

Спикерлер Қазақстан негізгі жаһандық үдеріс орталығында, бастыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке дейінгі транзит жолдарының торабында, инфрақұрылым және оған байланысты шығындарға қатысты жаһандық императив, шикізат ресурстарын пайдаланудың өзгермелі парадигмасының орталығында орналасқан. Қазақстан басқа нарықтардың аясында шынында тартымды: елдің ауданы мен ауқымы жаһандық амбициялық міндеттерге бағытталған. Үкімет экономиканы модернизациялаудың айқындылығы мен дайындығын қамтамасыз етеді, оның нәтижелері байқалады және нәтижеге жылдам қол жеткізіп жатыр. Сондықтан жеке капитал тәуекелдердің бағдарына, көбінесе ұзақ мерзімді жоспарда бейімделетін активтердің класы болып табылады деп атап өтті.

Сонымен қатар спикер Марсия Фавале: «Private equity өзінше жалғыз болып табылмайды және барлық мәселелердің, экономиканың мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндерінің шешімі үшін панацея емес, бірақ private equity әсіресе бизнес стратегияларды және т.б. анықтауда жаңа технологиялар, жаңа идеялар, жаңа жолдар бөлігінде ықпал ете алады. Сіздер технологиялар мен инновацияларды ескерулеріңіз қажет, және сіздер технологиялар мен инновацияларды бөлек сектор емес, кең қолжетімділікті ұсынатын өтпелі құрал ретінде қарастыруларыңыз қажет. Бұл private equity үшін нақты тетік және инвесторлар салаларды өзгерту үшін жаңа идеялар мен жаңа технологиялар енгізуі мүмкін» деп атап айтты.

Сондай-ақ, Орынбасар Қуатовтың пікірінше, private equity нарығының белгілі мәселелері және мүмкіндіктері бар және олар Қазақстанға ғана емес, басқа да дамушы мемлекеттерге де тән: «Мінсіз мәмілелер жоқ, олардың әрқайсысы жаңа құрылымдарды, жаңа құралдарды, дара тіл табуды, мұқият талдауды және көп жұмыс көлемін талап етеді. Private equity – белгілі мәміле түріне сәйкес келетін құрал және оның серпіні бірнеше факторларға, мысалы, мәміленің уақыт аралығы мен бұрынан бар каптал мен шешімді бейімдеуге қатысты факторларға байланысты. Сонымен бірге, қор биржасына бастапқы орналастыру нарығының және оған байланысты тәжірибенің толық дамымауы, сонымен қатар инвестиция салу үшін мәмілелер санының жетіспеуі инвесторлардың белгілі тәуекелдерін тудыруы мүмкін».

«Орталық Азияда интеграциялық процесс - «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы бойынша бастамашылықпен және басқа да сондай бастамашылықпен келесі 30-50 жыл ішінде әлемнің осы бөлігі үшін маңызды капитализатор болып табылады. Төмен көміртекті болашаққа жаһандық транзит контексінде, ол үшін барлық алғышарттар бар, Қазақстан аталған процестің бір бөлігіне айналады», - деп модератор Аникет Шах сессияны қорытындылай отырып, айтты.

««Қазына Капитал Менеджмент» АҚ үшін Астана экономикалық форумның шеңберінде панельдік сессияны ұйымдастыру аса маңызды оқиға болып табылады, оның барысында халықаралық сарапшыларды, Қазақстанда private equity нарығының қатысушыларын жинау, кәсіби пікірлермен алмасу және өңірдегі жекеменшік капиталдың әрі қарай болашағын анықтауға мүмкіндігіміз бар», - деп «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Достияров сессия жұмысына түсініктеме беріп, - «Жекеменшік капиталдың бұрыннан бар нарығы бүгінгі күні көбінесе бизнесмендер ұсынған қатысушылардың тар шеңберінің шегінен шығуы мүмкін. Заңнамалық базаны дамыту, қаржыландыру және инвестициялардан шығу үшін қаржы құралдарының жиынтығын кеңейту, инвестициялардың өтімділігін арттыру үшін қаржы нарықтарының түкпірін ұлғайту, сонымен қатар экономикаға инвестицияларды тартуға бағытталған басқа бастамашылықтар, кәсіби құзыреттілікті арттыру және одан кейін private equity нарығының мамандандырылған қатысушыларын қалыптастыруды есептегенде Қазақстанда private equity инфрқұрылымын тиісті дамыту кезінде біз инвестициялардың тұрақты ағынын ғана қамтамасыз етіп қоймай, жалпы экономикалық өсім және жекеменшік капитал нарығының тұрақты дамуы үшін алғышарт жасаймыз» деп жалғастырды.

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ) – тікелей инвестициялық қорлардың қазақстандық қоры. ҚКМ институционалды шетелдік инвесторлармен бірлесіп экономиканың серпінді дамып жатқан секторларындағы кәсіпорындарға капитал ұсынатын инвестициялық қорлардың акционері болып табылады. ҚКМ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына енеді.

 

Прямой эфир панельной сессии транслировался на странице facebook.com/kcmkazyna .

Подробная информация о спикерах панельной сессии на сайте: www.kcm-kazyna.kz

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ баспасөз қызметі

8 (7172) 554-222 (120)

(www.kcm-kazyna.kz,facebook.com/kcmkazyna)