«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Жаңалықтар қоғам

18 Мамыр 2017 | «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ және Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстан экономикасына бірлесіп инвестиция салуды жалғастырады

Baiterek                                                                                      KKM

 

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) және Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) ADM Kazakhstan Capital Restructuring Fund қоры (Қор) арқылы Қазақстан экономикасына бірлесіп инвестиция салуды жалғастырады. 

ҚКМ және ЕҚДБ Қор өмірінің мерзімін ұзарту туралы келісімге қол қойды. Инвесторлардың қабылдаған шешімдерінің нәтижесінде Қор қазақстандық жобаларды келесі екі жыл ішінде қолдаудың қосымша мүмкіндігін алады.

ADM Kazakhstan Capital Restructuring Fund капитализациясы 100 миллион АҚШ долларын құрайды. Қорды ADM Capital абыройлы халықаралық басқарушы компаниясы (www.admcap.com) басқарады. Қордың инвестициялық портфелі өңдеу өнеркәсібі, көлік және логистика, ауыл шаруашылық, медицина және т.б. жобаларды қамтиды.  

 

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ) – тікелей инвестициялар қорларының қазақстандық қоры. ҚКМ институционалды шетелдік инвесторлармен бірлесіп экономиканың серпінді дамушы секторларындағы кәсіпорындарға капитал ұсынатын инвестициялық қорлардың акционері болып табылады. ҚКМ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына енеді.

 

Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) -  1991 жылы құрылды. Банк ашық нарықтық экономикаға өтуге, сонымен қатар жекеменшік және кәсіпкерлік қызметті дамытуға ықпал ететін жобаларға инвестиция салады. Банк 1991 жылы құрылған кезден бері 4,500 мыңнан астам жобаларды іске асырды.

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ баспасөз қызметі

8 (7172) 554-222 (120)

(www.kcm-kazyna.kz,facebook.com/kcmkazyna)