«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Жаңалықтар қоғам

15 Қыркүйек 2016 | «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ мен Азия инвестициялық-қаржылық тобы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Астана қаласында «Бәйтерек» холдингінің Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев Гонконгтың қаржы министрі Джон Цанг бастаған Гонконгтың бизнес делегациясымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ мен Азия инвестициялық-қаржылық тобы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум инфрақұрылымдық, көліктік жобаларға және «Нұрлы жол» мен «Бір белдеу - бір жол» мемлекеттік бағдарламалары шеңберіндегі логистикалық қызмет көрсету саласындағы жобаларға 1 млрд. АҚШ долларына дейін бірлесіп инвестициялау мүмкіндіктерін көздейді.   

Сонымен қатар кездесу барысында өзара ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары, сондай-ақ бірлескен жобаларға инвестициялар мәселелері талқыланды.

Азия инвестициялық-қаржылық тобы халықаралық инвестициялық холдингтік компания болып табылады. Компания Қытай Халық Республикасында инвестициялық бизнес, металл мен минералдарды сату, тауар мен қызмет көрсетулерді экспорттау саласындағы қызметті жүзеге асырады.  

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ) тікелей инвестициялар қорларының қазақстандық қоры болып табылады. ҚКМ шетелдік институционалдық инвесторлармен біріге отырып, экономиканың қарқынды дамып келе жатқан секторларындағы кәсіпорындарға капитал ұсынатын инвестициялық қорлар акционері болып табылады. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ныңқұрылымына кіреді. www.kcm-kazyna.kz