«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Жаңалықтар қоғам

29 Тамыз 2015 | «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ  2016 жылдың бірінші жартысы бойынша жұмыс нәтижелері жөнінде хабарлады

Baiterek                                                                                          KKM

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2016 ж., 29 тамыз                                                                                                                   Астана қ.

«Қазына Капитал Менеджмент» Акционерлік Қоғамы, 29 тамыз.

Қоғамның Басқарма Төрағасы, «Қазына Капитал Менеджмент» Акционерлік ҚоғамыныңДиректорлар кеңесініңтөрағасы Ерболат Досаевтың басшылығымен «Бәйтерек Ұлттық басқару холдингі» Акционерлік Қоғамы еншілес ұйымының 2016 жылғы І жартысындағы даму жоспарын жүзеге асыру бойынша есебі қаралды.

Сонымен қатар, отырыста Директорлар кеңесінің қызметі туралы есебі, Директорлар кеңесі комитеттері, Корпоративтік хатшы және Ішкі аудит қызметтерінің ағымдағы жылдың ІІ тоқсан бойынша есептері қаралды.

Атап айтсақ, «Қазына Капитал Менеджмент» Акционерлік Қоғамның Жарғысына өзгерістер, Директорлар кеңесі комитеттер бойынша ережелержәне Акционерлік Қоғамның акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік бақару құқығында «Қазына Капитал Менеджмент» Акционерлік Қоғамына тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу қағидасындағы  өзгерістер мен толықтырулар мәтіні бекітілді.

Директорлар кеңесі, сондай-ақ «Қазына Капитал Менеджмент» белгілі бір тікелей инвестициялар қорларының ағымдағы қызметіне қатысты бірқатар мәселелерді қарады.

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ) тікелей инвестициялар қорларының қазақстандық қоры болып табылады. ҚКМ шетелдік институционалдық инвесторлармен біріге отырып, экономиканың қарқынды дамып келе жатқан секторларындағы кәсіпорындарға капитал ұсынатын инвестициялық қорлар акционері болып табылады. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына кіреді.