«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Жаңалықтар қоғам

13 Мамыр 2016 | «Қазына Капитал Менеджмент»АҚ басқарма төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Кадрлық орын ауыстырулар туралы шешімді директорлар Кеңесі қабылдады.

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып Әсет Сагимбеков тағайындалды.

Әсет Сагимбеков корпоративтік қаржы, тікелей инвестиция, мемлекеттік және коммерциялық компаниялардың бірігуін және қорытылуын жүргізу саласында 8 жылдық іс-тәжірибесі бар.

Әр жылдары  «Қазақстанның Даму Банкі» басшысы қызметін атқарды. Несиелік талдау және мәмілелерді құрылымдау, энергетика және өңдеу өнеркәсібіндегі инвестициялық/жобалық қаржыландыру бөлімшелерінің жұмысына жауапты болды. 

Бұрын «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жобалық қаржыландыру, Verny Capital корпоративтік қаржыландыру, сонымен қатар PricewaterhouseCoopers мәмілелерді бақылап отыруы Департаменттерінде қызмет атқарды.

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, 2010 жылы Ньюкасл (Ұлыбритания) университетінде Халықаралық қаржылық талдау саласы бойынша магистр дәрежесін алды. Сондай-ақ, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтында іскерлік басқару мамандығын тәмамдады.

 

«Бәйтерек ҰБХ»-ның 100% еншілес ұйымы болып табылатын «Қазына Капитал Менеджмент»шетелдік серіктестермен бірлесіп Қазақстанда тікелей инвестициялар нарығын дамытумен белсенді айналысып келеді. ҚКМ-нің негізгі қызметі – Қазақстан экономикасының аса қарқынды дамып жатқан салаларының кәсіпорындарына капитал ұсынатын бірлескен қорларды құру мақсатында шетелдік инвестицияларды тарту.