«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Жаңалықтар қоғам

04 сәуір 2016 | Директорлар Кеңесі құрамында және "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ басқармасында өзгерістер

"Қазына Капитал Менеджмент" (ҚКМ) АҚ директорлар Кеңесінің тәуелсіз мүшесі Ульф Вокурка АҚ директорлар Кеңесінің тәуелсіз директоры өкілеттігін өз еркімен мерзімінен бұрын тоқтату туралы. хабарлады.

Сонымен қатар, 2016 жылғы 25 наурыз күні директорлар Кеңесінің №105 шешімімен "Қазына Капитал менеджмент" АҚ басқарма Төрағасының орынбасары Дәурен Онаев өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Дәурен Онаев әр жылдары «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның еншілес ұйымы «Halyk Finance» АҚ-да жұмыс істеп, онда инвестициялық жобалар мен қосылу және жұтылу (M&A) бойынша мәмілелерге талдау жасады, құрылыс, тасымалдау және логистика салаларында ірі компанияларды несилеу мәселелерімен, сондай-ақ жекеменшік компаниялардың бағалы қағаздардың шығарылымымен айналысты.

2014 жылдың наурыз айынан бастап «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы – «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС-ның Байқау кеңесін, ал 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап  «Baiterek Venture Fund» АҚ-ның Директорлар кеңесін басқарады.

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына 2015 жылғы ақпанда тағайындалды.