«Бәйтерек» ҰБХ АҚ компаниялар тобы

Жаңалықтар қоғам

11 Наурыз 2016 | Қапшағай қаласында алғаш рет күн электр станциясы негізінде EnergyCell энергия шоғырландыру жүйесі іске қосылды

Баспасөз хабарламасы

Алматы қ.                                                                                                               11 наурыз 2016 ж.9a46686f02ad8b3d38ff342de7a96f4d

Инновациялық технология ТМД және Орталық Азия аумағында алғаш рет қолданылып келеді, ол жаңғыртылатын энергия көздерінің генерациясын Қазақстан энергия жүйесіне тиімді бейімдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда EnergyPod ЭШС бірінші көрсету бірлігі қуаты 2 МВт болатын күн электр станциясы Қапшағай қ. орналастырылды. Энергия шоғырландыратын жүйелердің операторы мен иесі «Samruk Green Energy» ЖШС болып табылады.

«Қазақстанда күн энергиясына деген қажеттілік артып келеді. Дәстүрлі электр жүйесіне жеңіл қосылу үшін бізге Primus Power Smart Grid Storage энергия шоғырландыратын жүйелер секілді ұзақ уақыт шоғырландыратын және қызмет ететін батарея жүйелері қажет», - деп «Samruk Green Energy» ЖШС директоры Жомарт Момынбаев атап өтті.

Сынамалы жобаны «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес компаниясы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның Роснаномен бірлесіп құрған Ресей-Қазақстан нанотехнологиялар қорының (РҚНҚ) жобалық компаниясы - Primus Power Corporation іске асырды. Primus Power жобасына салынған Қордың инвестициялары 5 млн АҚШ долларын құрайды.

Primus Power компаниясы Кремний алқабында (АҚШ) негізделді. EnergyCell энергия шоғырландыратын жүйесі – электр энергиясын сақтауды әзірлеген және патенттеген бірегей жүйе. Primus Power жобалық компаниясының президенті Том Степиеннің пікірінше, күн электр станциясына батарея жүйелерін қосу арқылы құрама жүйенің жұмыс істеу ұзақтығын арттырып, жүйелік оператордың шығындарын төмендетеді.

«Біз қазақстандық серіктестерімізбен тығыз ынтымақтасып жұмыс істеп жатқанымызға қуаныштымыз және Қазақстанға тиімді және жетілдірілген электр жүйесін жасауға көмектесеміз», - деп айтты.

EnergyCell энергия шоғырландыратын жүйесін орнату бойынша жобаны іске асыру аясында технологиялар трансфері, соның ішінде Қазақстанда өнеркәсіп санатындағы энергия шоғырландыратын жүйе өндіру бойынша Primus Power және «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары арасында бірлескен кәсіпорын құруды көздейді. Бұл өнім Кедендік одақ елдеріне экспортқа шығарылмақшы.

 

 

Баспасөз қызметі

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ

+7 /7172/ 554 222

8 707 84 84 282

Меруерт Нұрғазинова